|
Бір қора қой суицид жасады
|
Түркияның Мұрадия қаласында бір қора қой өз-өзін өлімге қиды. CNN Türk ақпарат көзінің хабарына қарағанда, алдымен бір қой жартастан кесіріп кеткен. Оның артынан қалғаны ерген. Яғни, 79 қой артынан секірген екен. Еркан Өзер есімді шопан өздерін өлімге итермелеген қойларын құтқарып қала алмаған. Осыған байланысты шопан едәуір шығынға батып, жергілікті биліктен қаржылай көмек сұрауға мәжбүр болған. Айта кетейік, мұндай жағдай бұрын да болған. Дәлірегі, 2005 жылы аталған елде жартастан 1,5 бас қой, яғни, бір отар қой секірген еді. Олардың 450 басы өлген болатын. Артынан секіргендері өлген қойлардың үстіне құлап, аман қалған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)