Бір миллиардта аса адамға аса қауіпті дертке шалдығу қатері төніп тұр
|
Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) тырысқақ және эпидемиялық диарея аурулары жөніндегі топ жетекшісі Филипп Барбоза Женева қаласында өткен брифингте мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ДДСҰ өкілінің айтуынша, әлемнің 43 елінде аталған жұқпалы індеттің таралу қатері бар. "Тек соңғы аптада үш елде бұл жұқпалы індеттің пайда болғаны тіркелді. Қазіргі уақытта ДДҰ-ның бес аймағында орналасқан 22 ел тырысқақ ошақтарымен күресуде",- деді артынша ол. Осылай деген ол өткен жылы әлемде елдердің 50%-дан астамында тырысқақ ауруы тіркелгенін жария етті. 2021 жылмен салыстырғанда. Бұған экономикалық және табиғи факторлар ықпал етіп отыр, дәлірегі, кедейлік пен климат өзгерісінен орын алған түрлі стихиялық апаттар аталған дерттің өршуіне себеп болуда. Ең қиыны – аталған дерттен көз жұматындар қарасы соңғы он жылда күрт артып кеткен. "Жаһандық өлім деңгейі 2021 жылы шамамен 2% құрады, бұл рұқсат етілген деңгейден әлдеқайда жоғары. Алдын ала алынған мәлімет бойынша 2022 және 2023 жылдарда да осы деңгейде қалған", деп қорытты сөзін ол. Тырысқақ – тырысқақ вибрионынан туындаған аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру қоздырғышы ағзаға ластанған тамақпен немесе сумен енеді. Таяуда жұқпалы індетті анықтауға арналған дәретхана жасалды, дәлірегі, Жоржия технологиялық институтының инженерлері тырысқаққа диагноз қою үшін зәр шығару, әжет өтеу және диареяны (іштің өтуін) дыбыс арқылы ажырата алатын, дәретханаға бекітілетін микрофон сенсорын жасады. Құрылғы Америка акустикалық қоғамының отырысында жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы acoustics.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Датчик микрофон сенсорына жазылған аудиожазбаны компьютерге жібереді, ал компьютер өз кезегінде дыбысты спектограммаға айналдырады. Оның ерекшеліктеріне қарай нейрожелі ішек ауруларын анықтайды. Бұл құрылғыны жұқпалы індеттің таралу қатері жоғары табиғи апаттар орын алған аймақтарда, қарттар үйінде, емханада, т.б. жерлерде диагностика үшін пайдалануға болады. Осы орайда тырысқақ ауруынан жыл сайын 150 мыңнан аса адаммның дүниеден озатынын айта кету керек.