Бір мемлекет өртеніп кетті
Бір мемлекет өртеніп кетті
10 жыл бұрын 5322 aikyn.kz
Ресейдің Хакасия Республикасында орын алған өрт апаты талайды алаңдатып отырған жайы бар. Енді ше, секундына 30 метрден астам жылдам­дық­пен соққан жел дамыл таппай, орман арқылы тез тарап ауылға жетті. 

Алдын ала жеткен мәліметтерге қарағанда, өрттің салдарынан 900 баспана бүлінген. Мә­ліметтер де әртүрлі, кейбір деректерге қара­ғанда 15-ке жуық адам қайтыс болған. 18 адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алапат өртті ауыздықтауға 100 техника, 1000 адам қатысты. Ресейдің Төтенше жағдай министрлігі ұшақ арқылы су тасып, өртті жан­таласа сөндіруде. Қазіргі уақытта өртті ауыз­дық­тау толықтай аяқталды. Бірақ оның зар­­-дабы адам айтса нанғысыз. Хакасияда Тө­тен­ше жағдай басқармасының хабарлауына қара­ғанда, 613 адам медициналық жедел жәрдемге жүгінген, қазірдің өзінде 513 адам арнайы ме­дициналық көмек алып үлгерген. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, негізгі жарақат – күйік бо­лып отыр. Сонымен қатар түтінге тұншығып, дем алуы қиындағандар көп. 

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сенсек, үш баланы күйік шалып, бір бала үй ішінде қалып қойып, қайтыс болған. Өртті бақылау жөніндегі мемлекеттік инспе­к­цияның өкілі Борис Борзов «бүгінгі таңда 1205 үйдің түгі қалмай жанып кетті. 38 елді мекен өртенді. Қазіргі таңда жалпы саны 5 мыңдай адам баспанасыз қалған».

Ресейдің тергеу комитеті орын алған өртке, адам өліміне қатысты бес қылмыстық іс қоз­ғады. 

Хакасия Республикасының басшысы Виктор Зиминнің айтуына қарағанда, «тосын апатқа қарсы тұру мүмкін болмады, бір сағаттың ішін­де бүкіл республика, бір ел жанып кетті. Қазіргі бар мақсат – жұртты тыныштандыру, қираған үйінділердің астында қалғандарды шығару болып отыр». 

Төтенше жағдай басқармасының өкілдері адам шошырлық жағдайдың орын алғанын айтып өтті. Желдің жылдамдығымен ұшқан алапат от үйін сөндіріп жатқан адам­дардың үстінен ұшып өткен. Сөйтіп әр үйді өрт шал­ған. Қазір мыңға жуық адам, оның ішінде 500 сарбаз өрт шалған аймақта жүр. Күйік шалған азаматтардың арасында сарбаздар мен Тө­тен­ше жағдай басқармасының өкілдері де бар. Қазір жел тыншығаннан кейін, өрт те басылды. Бірақ оның зардабы оңай болмай тұр. 

0 пікір
Мұрағат