Бір жылдың ішінде темірді тат басуынан қанша шығын келген?
Бір жылдың ішінде темірді тат басуынан қанша шығын келген?
7 жыл бұрын 4494 lenta.ru Francois Lenoir / Reuters islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай мамандары 2014 жылы металдың коррозияға ұшырауына, түсінікті тілмен жеткізгенде, темірді тат басуынан ел экономикасына шамамен 310 млрд доллар шығын келтірген. Бұл шығын мөлшері аталған елдің жалпы ішкі өнімінің 3,34 пайызын құраған. Бұл жайында npj Materials Degradation мерзімді басылымы хабар таратты. Металл коррозиясынан, әсіресе, көлік және радиоэлектр стансалары көп зардап шеккен. Сарапшылардың есебіне қарағанда, темірдің таттануынан келетін экономикалық шығынды 115 млрд долларға дейін азайтуға болатын көрінеді. Мамандар ол үшін коррозия ингибиторын, тотығудың алдын алатын немесе төтеп беретін, таттануды баяулататын арнайы май түрлерін пайдалануды ұсынып отыр. Айта кетейік, 2014 жылы Қытайда 107,7 мың шақырымға жаңа теміржол салынған, жалпы ұзындығы 2,8 мың шақырымды құрайтын көпірлер тартылған.

0 пікір
Мұрағат