Бір ғана мұсылман емес елде халал сертификатына ие 500 кәсіпорын ашылған
Бір ғана мұсылман емес елде халал сертификатына ие 500 кәсіпорын ашылған
4 жыл бұрын 1765 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда-саттық орталығы тарапынан бизнес жүргізуге мүмкіндігі мол жаңа жаһандық нарық ретінде алға шыққан халал өнімдер нарығы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы отандық және шетелдік түрлі ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар мен қаржыгерлердің есебінше, 2023 жылы халал өнімдер нарығы (ислами құнды қағаздарды есепке алмаған күннің өзінде) 3 трлн долларға жетпек. Ислам экономикасы бойынша сарапшы Томас Геррероның сөзіне қарағанда 2024 жылы халал өнімдер қызметтер нарығы 3 триллион долларға жетпек. Бүгінгі таңда әлем бойынша халықаралық деңгейде танылған халал сертификатын берумен айналысатын 130-ға тарта ұйым жұмыс істейді екен. Олардың дені Малайзия, Индонезия, Түркия, т.б. мұсылмандар қарасы көптеп шоғырланған елдерде. Бір ғана Индонезияда өзге өнімдерді былай қойғанда тек шариғи талаптарға сай әзірленген азық-түлікті тұтыну деңгейі 170 млрд доллардан асып кеткен. Түркия мен Пәкістанда бұл көрсеткіш (тек халал азық-түлік сегменті) 128 млрд және 118 долларды құрап отыр. Соңғы жылдары мұсылман емес елдерде де халал өнімдер нарығы кеңейіп келеді. Мәселен, Испания: бүгінгі таңда аталған еуропалық ел аумағында халал сертификатына ие болған 500 компания жұмыс істейді. Халықаралық халал институтының қоғаммен байланысқа жауапты директоры Барбара Руис-Бежараноның айтуынша, халал тұжырымдамасы діни коннотация аясынан асып, сапалы, денсаулыққа  зияны жоқ өнімдер мен көрсетілетін қызметтер синониміне айналған.

Ұқсас материалдар:

«2023 жылға қарай халал өнімдер нарығы қалай өзгереді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/2023-jylga-qarai-halal-onimder-narygy-qalai-ozgeredi-12262/#gsc.tab=0);

«Әлемдік ислами қаржы нарығы тағы бір катализатормен толығатын болады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/alemdik-islami-qarjy-narygy-tagy-bir-katalizatormen-tolygatyn-bolady-14559/#gsc.tab=0);

«Елімізде ислами қаржыландыру ісі өрге басып келеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/elimizde-islami-qarjylandyru-isi-orge-basyp-keledi-14690/#gsc.tab=0);

«Халал туризм индустриясы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/halal-turizm-industriyasy-12751/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат