Бір ғана макарон экспортынан 1 млрд долларға жуық табыс тапқан ел
Бір ғана макарон экспортынан 1 млрд долларға жуық табыс тапқан ел
2 жыл бұрын 1367 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия өткен жылы әлемнің 160 елінің нарығына макарон өнімдерін жөнелтіп, 967 млн 68 мың долла табыс тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Макарон өннімдерін өндірушілер қауымдастығының жетекшісі Айқыт Геймен  келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айқыт Гейменнің айтуынша, Түркия макарон өнімдерінің өндірісі бойынша екінші орында, ал экспорты бойынша әлемде үшінші орында тұрған ел. «Түркияның макарон өнеркәсібі 26 кәсіпорыннан тұрады. Бұл кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты жылына 2,2 млн. Тоннаны құрайды. Түркияның макарон өнеркәсібі 13 тоннадан экспорттауды бастаған еді, қазір бұл көрсеткіш миллион тоннаға жетті», - деген ол түрік макарондарына сұраныстың жыл сайын тұрақты түрде артып келе жатқанын атап өтті. Түрік макаронының экспорты 2021 жылы 1 млн. 364 мың 547 тоннаға жетіп, 777 млн, 947 мың доллар табыс түсірген. Ал 2022 жылы Түркия 1 млн. 341 мың 996 тонна макарон өнімдерін 967 млн. 68 мың долларға экспорттаған. Түркияның макарон өнімдерін импорттауда алдыңғы үштікке кіретін елдер: Венесуэла, Сомали және Бенин. Түркияның макарон өнеркәсібінде мыңға тарта адам жұмыспен қамтылған. 

0 пікір
Мұрағат