Бір ғана елдің өзінде үш ай ішінде 17 мыңнан аса қария жалғыздықта жан тапсырған
Бір ғана елдің өзінде үш ай ішінде 17 мыңнан аса қария жалғыздықта жан тапсырған
7 ай бұрын 1160 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Авторлық құқығы The Jiji Press, Ltd. дерек көзіне тиесілі

Жапонияның ұлттық полиция агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша осы жылдың қаңтар-наурыз аралығында елдегі жалғызілікті қарттардан 17 034 қария өз үйінде жалғыздықта қайтыс болған. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы жанында басын сүйер ешкімі жоқ қарттардан шамамен 68 000 қария жалғыз жатып өмірден озуы мүмкін. Аталған агенттік мұндай зерттеуді алғаш рет жүргізді. Күншығыс елінің министрлер кабинеті кеңінен етек алған, ұлттық қасіретке айналған жалғыздық пен оқшаулану құбылысынан құтылу жолдарын қарастыруда. Бұл тараптағы зерттеу 2024 жылдың алғашқы үш айында полицияның көмегімен жүргізіліп, 60466 өлім фактісі тексерілді. Олардың 21716-сы жалғыз тұратыны, соның ішінде өз-өзіне қол жұмсап дүниеден озғаны анықталған.

0 пікір
Мұрағат