Бір ғана елде 10 жылда ағза донорларының қарасы 17 есеге артқан
Бір ғана елде 10 жылда ағза донорларының қарасы 17 есеге артқан
4 жыл бұрын 2341 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Қызыл крест қоғамдастығы келтірген дерекке үңілсек, бұл елдегі  тіркелген ағза донорларының саны 2,5 млн адамнан асқан. Бұл жайында islam.kz порталы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйымның мәліметінше, 30 мыңнан аса адам қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа пайдалануға өсиет етіп кеткен екен. Бақилық болғандардың ағзалары 90 мыңнан аса адамның төніп келе жатқан ажалдан аман қалуына көмектескен. Осы орайда Қытай билігі 2010 жылы ағза донорлығына қатысты бағдарлама қабылдағанын айта кетпекпіз. Ресми статистикаға сүйенсек, соңғы он жыл ішінде елдегі донорлар қарасы 0,03-тен 4,53 млн адамға дейін артқан. Бүгінгі таңда аталған елде донорлық ағзаларды үйлестірумен айналысатын 2800-ден аса ұйым бар. Сонымен қатар, ағза донорлығы саласында 4000 адам өз еркімен жұмыс істеп жүр. Ал бұл мәселенің заңдық жағына келсек, ағзаларды өсиет етіп қалдырып кету турасында Азаматтық кодексте айтылған. Бұдан бөлек, қандай да бір ұйым немесе жекелеген тұлғаларға өзге біреулердің ағзасын алу мақсатында оларды мәжбүрлеуге, алдауға, т.б. әрекеттерге баруға қатаң тыйым салынған. Сондай-ақ, Азаматтық кодекс талаптарына сәйкес адамның жасушаларын, тінін, ағзаларын саудаға шығаруға да тыйым салынған. 2024 жылға қарай өз ағзаларын донорлыққа қалдырып кететіндер қарасы болжам бойынша 3 млн адамнан асады.

0 пікір
Мұрағат