Бір ғана Бейжің қаласы өзі бөлетін көмірқышқыл газының бетін қайтару үшін жылына 15 млн ағаш отырғызуы керек
Бір ғана Бейжің қаласы өзі бөлетін көмірқышқыл газының бетін қайтару үшін жылына 15 млн ағаш отырғызуы керек
3 жыл бұрын 2822 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Carlos Garcia Rawlins / Reuters

Қытай билігі жаһандық жылынумен күресу үшін, дәлірегі, ел аумағындағы кәсіпорындар атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газынан құтылу үшін 2025 жылға дейін 36 мың шаршы шақырымға ағаш отырғып, осылайша ел аумағының төрттен бір бөлігін (24,1 пайызын) орман-тоғайға айналдыруды алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынуға қарсы экологиялық тосқауыл Қытайдың солтүстігіндегі және батысындағы құрғақшылыққа қарсы ауқымды шара болайын деп тұр. Ағаш отырғызылғанда немесе өсірілуі тиіс өсімдік таңдалғанда жергілікті жердің климат ерекшілігі мен биологиялық әралуандылығы міндетті түрде ескерілетін болады. Дегенмен Қытай билігінің бұл қадамының ұтымдылығына британдық сарапшылар күмәнмен қарап отыр, неге десеңіз, бір ғана Бейжің қаласындағы автокөліктер мен кәсіпорындардан атмосфераға бөлінетін улы әрі зиянды заттардан келетін залалдың орнын толтыру үшін жылына 15 млн ағаш отырғызуы керек екен. Бұған қоса, отырғызылған көшет ағашқа айналуы жылдар кететінін ескерсек, бұл тиімсіз шара болмақ, оған дейін атмосфераға бөлінген парникті газдың мөлшері шектен тыс көбейіп, экологиялық апатқа ұрындырмақ. Ал тек Лондон мегаполисінің өзі атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газынан қоршаған ортаға келетін залалдың орны толуы үшін жылына кем дегенде 4 млн ағаш отырғызылуы керек екен.

Ұқсас материал:

«Қытай әлемге қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-alemge-qauip-tondirip-tur-15600/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат