|
Бір елдің өзінде күтімді қажет ететін қарттар қарасы 1 млн адамнан асқан
|
Адамзат қартаю кезеңіне аяқ басқандықтан жәрдем мен күтімді қажет ететін пациенттер саны Оңтүстік Кореяда 1 млн адамнан асып кетті. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы бір млн-нан аса қарттардың жартысына жуығы 80 жаста және одан жоғары жаста. Қартаю процесіне байланысты кәріс қоғамы (тек кәрістер ғана емес, әлемнің көптеген елдері) көптеген қиыншылықтармен бетпе-бет келіп отыр. Сондай қиындықтардың бірі - қарттарды күтетін персоналдардың жетіспейді. Бұдан бөлек, негізінен медициналық сақтандырумен өтелетін медициналық шығыстарға бір төлесе, күтімге жұмсалатын шығыстарды тағы төлейді, яғни, күтімге кететін шығысты жеке тұлғалар тікелей өздері көтереді. Бұл қарттарға және олардың отбасыларына ауыртпалық түсіреді. Бір пациентке тұрақты күтім жасайтын адамның ай сайынғы құны (персонал ақысы бар, күтімге қажетті керек-жарақ, мәселен, жөргек, тазалық құралдары, т.б.) орташа есеппен 3,7 миллион корей вонын құрайды. Күтімге жұмсалатын жалпы шығыстар да күрт өсіп, 10 триллион корей вонынан асып кеткен. Осы орайда 2015 жылы таңғы шық елі билігінің емханалар мен өзге де медициналық мекемелердегі медбикелік қызмет пен күтімді біріктіріп, жеке күтушіге деген қажеттілікті жойғанын айта кетпекпіз. Алайда, мұндай біріктірілген қызмет түрі елдегі күтімді қажет ететін қарттардың тек шамамен 10%-на ғана жетеді. Оның үстіне, мұндай қызмет ең алдымен жеңіл сырқаттанған пациенттерді қабылдап, шынымен де күтімге мұқтаж адамдарды және олардың отбасыларын кейінге қалдырады немесе ауыр жағдайдаа қалдырады. Ақыр соңында пациенттер мен отбасылар қарттар ауруханасына баруға мәжбүр, онда бес қартқа тек бір күтушіден келетіндіктен қаржылық ауыртпалықты бәрібір отбасының өзі көтереді. Үкімет мейіргерлік мекемелердің ауруханалардағы күтіміне жұмсалатын шығындарды осы жылдың екінші жартысынан бастап медициналық сақтандыру есебінен жабу жоспарын жариялағанымен мұндай жүйенің өзіне қаржы қолбайлау болып, кейінге қалдырды. Ең өзекті мәселе - қамқоршылар санының артуы. Күтімге мұқтаж егде жастағы пациенттер саны өсіп келе жатқанымен, қамқоршы бола алатын, бұл қиындықты өз мойнына алуға дайын адамдар аз. Қазіргі қамқоршылардың көпшілігі 65 және одан жоғары жастағылар. Олардың өздеріне қамқоршы керек. Қазірдің өзінде тек медициналық емханалардың өзіне қосымша 100 000-нан 150 000-ға дейін күтуші жетіспейді. Корея банкі 2024 жылғы есебінде 2032 жылға қарай қамқоршылардың және олармен байланысты қызметкерлердің жетіспеушілігі 380 000-нан 710 000-ға дейін жететінін болжап отыр. Елдегі күтімді қажет ететін жасқа келетін қарттар статистикасына сүйене отырып осындай болжам жасады. Бұл тарапта аталған ел Жапония мен Тайуан секілді қартаю процесі қарқын алған оңтүстік-шығыс тәжірибесіне сүйене отырып, шетелден қосымша жұмысшы күшін, соның ішінде күтушілерді тарту стратегиясын қолдануы мүмкін.