Бір ауылда егіздердің 39 жұбы тұрып жатыр
Бір ауылда егіздердің 39 жұбы тұрып жатыр
8 жыл бұрын 2831

Адам сенгісіз, алайда, бұл – факт. Нақтырақ айтқанда, Қытайдың Цинянь ауылдық жерінде бар-жоғы 367 отбасы өмір сүріп жатыр. Олардың арасында егіздердің 39 жұбы бар. Бұл түсініксіз құбылыс бұрыннан бар десе де болады: егіздердің ең үлкені – 89 жаста болса, ең жасы – 9 айлық. Бұл жайында «Asia One» ақпарат көзі хабар таратты. Бір қызығы, бұл елді-мекеннің тауықтарының жұмыртқасында да екі сарыдан кездеседі. Ғалымдар мұның құпиясын түсіндіріп бере алмай отыр. Мұндай жағдай Украйнада болған. Дәлірегі, аталған елдің Үлкен Копаня ауылында. Осыдан 50 жыл бұрын. Осыдан жарты ғасыр бұрын егіздердің 54 жұбы дүниеге келген еді. Мамандар мүны сол кезде судың ерекше құрамымен байланыстырып қарастырған болатын. Яғни, ауылдың қақ ортасындағы Чоргив қайнар көзден шығатын бұлақ суымен.

0 пікір
Мұрағат