Бір адам үшін заңды өзгертті
Бір адам үшін заңды өзгертті
3 жыл бұрын 1617 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Свердлов облысының заң шығарушы жиналысы жергілікті бір тұрғын үшін, дәлірегі, көп балалы онколог дәрігер үшін заңға түзету енгізуге мәжбүр болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған аймақ үкіметінің сайтына (midural.ru) жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оралдық тұрғынның отбасында алты бала бар, ең кенжесі әлі бір жасқа толмаған. Оларға қарау үшін дәрігер декреттік демалыс алуына тура келген, ол ол ма, аптасына бірнеше сағат жұмысына барып, қолғабыс етіп кетеді. Балалардың анасына, яғни, дәрігердің әйеліне «Батыр ана» атағы берілуі тиіс болатын, бұдан бөлек, қырық мың рубл мөлшерінде төлем алуы керек болатын. Алайда, балалардың анасы ақшаны алып үлгермей өмірден өтіп кетті. «Заң бойынша еріне ақша беруге болмайды. Ал бұл ақша оларға артық болмайды. Свердлов облысында мұндай белгіге ие аналар он мыңдай, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр»,- деп түсіндірді аймақ басшысы Евгений Куйвашев. Губернатор аймақтық әлеуметтік саясат министрлігіне осы мәселе бойынша хабарласып, нәтижесінде заңға тиісті түзету енгізілді.

 

0 пікір
Мұрағат