Биологиялық түрлер санатына жатпайтын тіршілік иесі табылды (фото)
Биологиялық түрлер санатына жатпайтын тіршілік иесі табылды (фото)
9 жыл бұрын 5422

Жыл сайын ғалымдар бұрын-соңды адамзатқа белгісіз болып келген тіршілік иелерін тауып жатыр. Алайда, ғылымда қалыптасқан биологиялық қандай да бір жүйеге жатпайтын тіршілік иесінің табылуы ғалымдарды абдыратып тастады. Копенгаген университетінің теңіз жануарларын зерттейтін биолог ғалымдары осы күні қолданылып жүрген классификацияның бірде-біреуіне келмейтін екі тіршілік иесінің пішіні медуза мен саңырауқұлақты еске түсіреді. Аталмыш тіршілік иелері 1986 жылы Австралияның оңтүстік-шығысындағы теңізден, 400 метрден 1000 метрге дейінгі тереңдіктен табылған еді. Алайда, ғалымдар оларды зерттеуді доғарған болатын. Тек өткен жылы, яғни, 2014 жылдың қыркүйек айында ғана естеріне алды. Ғалымдар олардың дене пішіні дөңгелек тәрізді болып келетіндіктен шартты түрде Dendrogramma Enigmatica және Dendrogramma Discoides атау берді. Бұл ағзалар шамамен алты миллион жыл бұрынғы эдиакар кезеңінде тіршілік еткен көп жасушалы тіршілік иесімен туыстас болуы  мүмкін. Олардың қандай түрге жататынын анықтау үшін ғалымдар молекулярлы талдау жасап та көрді. Одан да нәтиже шықпағанын айта кету керек. 

1 пікір
  • Балыктан баска су жануарларын жеуге болмайды дейды. Кай хадисте солай айтылган екенын аитып бере аласызба
    9 жыл бұрын
Мұрағат