Билік тарапынан мұсылмандарды елден қуатын шешім қабылданды
Билік тарапынан мұсылмандарды елден қуатын шешім қабылданды
8 жыл бұрын 4316 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның билік тізгінін ұстаған ұлтшыл-шовонистік партия Бхаратия Джаната Парти мүшелерінен жасақталған Ассам штатының билігі аталған штат тұрғындарының санын 32- млн-нан 19 млн-ға дейін қысқартуды ойға алып отыр. Бұл туралы аталмыш штат билігі жаһанға жар салып, ресми мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, аталған штаттағы тегі бангладештік мұсылмандар есебінен халық санын 13 млн-ға кемітуді көздеп отыр. Яғни, аталған штаттағы бангладештік мұсылмандарды заңсыз иммигранттар қатарына жатқызу арқылы. Айта кету керек, аталмыш партия байырғы үнділерді қорғау деген желеумен осындай біржақты сасяи науқанға жол бергелі отыр. Тағы бір айта кететіні, әу баста мұсылмандарға қырын қарайтын аталған партия өкілдері сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде халыққа берген уәделерінің бірі елді өзге дін өкілдерінен тазартуға саятын.

0 пікір
Мұрағат