Түн жамылған қорқаулар (видео)
Түн жамылған қорқаулар (видео)
6 жыл бұрын 4099 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австриялық футболшы сыра шөлмегін мешітке лақтырған сәті бақылау камерасындағы таспаға тартылып қалып, онысы әшкере болған соң, жергілікті мұсылман жамағатынан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Дәлірегі, босниялық Киселяк қаласындағы мешітке сыра шөлмеген лақтырған Деян Любичич пен оның жолдастары ішімдік уытының әсерімен осындай жөнсіз әрекетке барғанын айтып, ақталмақ болған. Австрия астанасы - Вена қаласындағы «Рапид» футбол клубының 20 жастағы жартылай қорғаушысы мешітке қарай сыра шөлмегін лақтырған соң дереу із суытпақ болып, автокөліктеріне асыға ұмтылған сәті таспаға тартылып қалған. Полиция ертесіне ерте вандалдарды тұтқындап әкетеді. Ол өзінің осынау жат әрекеті үшін жергілікті мұсылман жамағатынан кешірім сұрағанымен өкінген түрі байқалмады. Тіпті, өзінің оспадар әрекетінен мешіттің зақым келген жерін ғана жөндеп беретінен, одан артық ақша шығарғысы келмейтінін мәлімдеді. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. «Мұндай қылық «Ралид» ойыншысына мүлдем жараспайды»,- деп түсініктеме берді аталмыш футбол клубының директоры Фреди Бикель. 

0 пікір
Мұрағат