Атасының үйіне қонаққа барғанда аузына салып ойнап отырып жұтып қойыпты. Үйіне ауырып келген ол ертесі қан құсып, денесі көгере бастапты. Батереяның өн-бойы улы зат қой, денесіне жайылып үлгеріпті. Ас қорыту жолдарының барлығын бүлдіріп кетіпті. Жедел жәрдем уақытылы жеткізгенмен ешқандай емнің көмегі болмапты…
Мұндай батереялар түрлі қол сағат, ойыншық прожектор секілді балалар ойыншықтарында көптеп кездеседі. Үйде шашылып қалып балалардың аузына түсіп кетуден барынша сақ болыңыз. Тіпті жолай көрмеңізші.

