Берлиннің мұсылман әйел мұғалімдеріне жұмыста оранып жүруіне рұқсат берілді
Берлиннің мұсылман әйел мұғалімдеріне жұмыста оранып жүруіне рұқсат берілді
2 жыл бұрын 1766 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германия билігі наурыз айының 23-і жұлдызында мұғалім болып жұмыс істейтін мұсылман әйелдерге табаны күректей 18 жылдан аса уақытқа созылған тыйымнан соң, шариғат талаптарына сай киінуіне рұқсат берді, бірақ, егер мұсылман шәлісін кию мектептегі оқу процесіне кедергісін келтіретін болса, қайта шектеу қояды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Anadolu Agency дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

Берлиннің білім беру министрлігі бұл жөнінде мектеп директорларына ресми хат жолдады. Осы орайда Берлиннің мемлекеттік қызметшілерге діни киім киюге және діни рәміздерді қолдануға тыйым салатын бейтараптық туралы заңға сәйкес қаладағы мұғалімдерге 2005 жылдан бері жұмыс орнында орануға тыйым салынғанын айта кету керек. Алайда, соңғы жылдардағы бірнеше сот шешімдері бойынша әйелдердің орануына толық тыйым салу кемсітушілікке жол береді және конституциямен кепілдік берілген діни сенім бостандығын бұзады.

0 пікір
Мұрағат