Белсіздік дерті: Пентагон белсіздікпен күресуге $120 млн жұмсаған
Белсіздік дерті: Пентагон белсіздікпен күресуге $120 млн жұмсаған
10 жыл бұрын 6742

The Military Times басылымының таратқан хабарына қарағанда 2014 жылы Пентагон әскерилердің белсіздігіне дәрі-дәрмек сатып алу үшін 125 миллион доллар жұмсаған. Оның 41 миллионына Виагра таблеткалары, қалған 84 миллионына өзге де препараттар сатып алынды.  

Ал, соңғы үш жыл көлемінде бұл бағытқа барлығы 294 миллион доллар жұмсалыпты. Дереккөздің жазуынша, бұл қаражатқа АҚШ әскерінің су жаңа F-35 ұшақтарын сатып алуына болар еді. Өткен жылы дәрігерлер америкалық әскери қызметкерлерге миллионға жуық рецепт жазып берген. Ал, Виагра дәрісін сарбаздар тек белсіздікпен күресу үшін ғана емес, қан тамырларының жұмысын жақсарту үшін де ішеді екен. Дәрігерлер әскерилер арасындағы белсіздіктің басты себебін күйзеліс пен жүйке жүйесінің зақымдануынан дегенді айтып отыр. 

 

Қытайлық препаратқа сенген еркектер белсіздікке ұшырап жатыр

“Сиқырлы” дәрілердің сергелдеңі! Еркектің қуатын арттырып, ал келіншектерді қыздай құлпыртатын дәрілер бір сәттік бақытқа бөлеген соң өмір бақи баласыз қалдыруы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы. Қара нарықта қаптаған түрлі қытай қоздырғыштарынан төнген қауіп жөнінде мамандар дабыл қағуда. Бүгінде ер азаматтардың 40 пайызы күмәнді дәріні ішемін деп бедеулікке ұшыраған. “Ұлы сөзде ұят жоқ”! Азаматтар белдің қуатын өсіремін деп жүріп белсіз қала жаздаған. Бүгінде олардың саны жүздеп саналады.

Еркектерді “ерен күш” иесі етіп етіп қоймай, әйелді қыздай құлпыртатын дәрілер де емін-еркін сатылуда. Қытай қоздырғыштарын ішкен адамдар енді перзент сүю бақытынан айырылған. Бүгінде еркектерді “ерен күш” иесі етіп етіп қоймай, әйелді қыздай құлпыртатын дәрілер де емін-еркін сатылуда. Қытайда жасалған “Супразин” деген ғажап таблеткалар эрекцияны күшейтіп жыныстық қатынасты ұзаққа созады екен. 10 таблеткасын 6500 теңге еркін сатып алуға болады.

“Бұл дәрілердің құрамында не бар, не жоғы белгісіз. Қытай медицинасы деп мақтағанымен, оның нақты дәлелі жоқ. Есесіне қанша жігіттер белсіздікке душар болуда”, – дейді андролог Владимир Арепьев.Қазір ер азаматтардың 40 пайызы осындай препараттардың әсерінен белсіздікке ұшыраған. “Сиқырлы” дәріні ішкенін көбі жасырып, тіпті мойындамайтын көрінеді. Ал есесіне, не тіркеуі, не тілдей құжаты да жоқ сол дәрілердің саудасы әлі де қызып тұр. Қажет десеңіз, тіпті, үйіңізге дейін жеткізіп береді екен.

0 пікір
Мұрағат