Белгиялық аукцион мұсылмандардың бас сүйектерін сату жоспарынан бас тартты
Белгиялық аукцион мұсылмандардың бас сүйектерін сату жоспарынан бас тартты
2 жыл бұрын 1298 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Брюссел қаласындағы бәссаудадан 19-ғасырдағы африкалық бас сүйектерді картиналармен, антикварлық киімдермен және басқа да сирек кездесетін антиквариатпен бірге сатуға жоспарланған тауарлар тізімінен алып тастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылмандардың мәйітке құрметпен қарайтынын ескерген «Ролониалдық жады және кемсітушілікпен күрес» құқық қорғау ұйымы аукцион үйінің үстінен сотқа шағым түсірді. «Бұл әрекет адамдарды екінші рет өлтіргенмен бірдей. Отаршылдық зорлық-зомбылық қайталануда», - деді теңтөраға Женевиева Канинда. Бас сүйектердің үшеуі де белгиялықтардың Конгоны басып алған кезден бастап, 10 миллионға жуық адам қайтыс болғандарға тиесілі. Бас сүйектердің бірі, болжам бойынша, отаршылдар тұтқындап, кейін өлтірілген жергілікті мұсылман көсемі Муни Мохараға тиесілі. Осы жылдың басында Белгия Конгода тәркіленген барлық артефактіні бұрынғы иелеріне қайтаруды қарастыратын заң қабылдаған болатын. «Біз адамдардың отаршылдық кезеңінде көрген азаптары мен қорлығын ешбір жағдайда қолдамаймыз. Сатып алу туралы ұсынысымыздан бас тартып, кешірім сұраймыз», — деді аукцион өкілі.

0 пікір
Мұрағат