|
Бельгия 16 жастан бастап дауыс беру құқығын енгізді
|
Бельгия билігі ел азаматтары үшін Еуропарламент сайлауында 16 жастан бастап дауыс беруге рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
Осылайша Бельгия Еуропалық одақта мұндай шешім қабылдаған Мальта, Германия мен Аустриядан кейінгі төртінші мемлекет болып отыр.
«Жас шегін төмендету арқылы біз нақты сигнал жіберіп отырмыз. Біз сіздің дауысыңызды да, пікіріңізді де естігіміз келеді», - деді Бельгияның ішкі істер министрі Аннелиз Верлинден.
Осылайша, 280 мыңға жуық жас бельгиялық азамат келесі жылы еуропалық деңгейде өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ, сайлаушылар тізіміне автоматты түрде енетін ересектерден айырмашылығы, дауыс беруді қалайтын кәмелетке толмағандар алдын ала тіркелуі керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемдегі аса ірі мұсылман елінде зина қылмыстық іске жатқызылатын кодекс қолданысқа енді
■
Иран қарудың екі түрін криптовалютаға сатқысы келеді
■
Өткен жылы амнистия аясында 338 адам жазадан босатылды
■
Араб әлемі экономикасында қолма-қол ақша басым
■
Азиядағы мұсылман елінің сауаттылық деңгейі көтеріліп келеді