Беймәлім вирус: Қытай емханалары инфекция жұқтырған балаларға толып кетті (видео)
Беймәлім вирус: Қытай емханалары инфекция жұқтырған балаларға толып кетті (видео)
1 жыл бұрын 1380 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігінен қатерді сейілту үшін дереу пәрменді шара қабылдауды талап етуде. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bild ақпарат көзіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай емханалары бемәлім вирустан балаларға «аузы-мұрнынан» шыға толып кеткен. Қытай балаларының арасында пневмония белең алып кеткен. Қыркүйек айының орта шенінен қарашада аталған елдің солтүстігінде тұмау тәрізді ауруға шалдыққандар қарасы күрт артқан. Бастапқыда Бейжің бұл дертті Covid-19 жұқпалы індетіне байланысты шектеу (карантин) шараларын алып тастағаннан кейінгі қалыпты жағдай санаған еді. Алайда, ахуал уыстан шығып барады. Promed індетті бақылаудың жаһандық жүйесінің мүшелері балалардағы «анықталмаған пневмония» індеті туралы ескертеді. «Бұл есеп анықталмаған пневмонияның кең тарағанын көрсетеді. Бұл індеттің қашан басталғаны мүлдем белгісіз», - дейді білікті мамандар. Бейжіңнің солтүстік-шығысындағы Ляониндегі ауруханалар толып кетті деген ақпарат бар. Жағалаудағы Сиамен қаласы да осындай тығырыққа тап болған. Көптеген мектептер оқу процесін тоқтатты, өйткені, балаларда да, мұғалімдерде де пневмония тіркелуде. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері респираторлық ауруларға шалдыққан балалардың диагностикасы мен емдеуіне үлкен көңіл бөлетінін алға тартады.

 

0 пікір
Мұрағат