Бейжіңдегі үлкен мешітке социалистік ұран ілінді
Бейжіңдегі үлкен мешітке социалистік ұран ілінді
1 жыл бұрын 857 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бейжің қаласындағы алыс-жақынға белгілі мешіт Қытай солтүстігіндегі мұсылмандардың ең үлкен құлшылық үйі саналады. Бұл мешіт те мәжбүрлі түрде қытайландыру саясатының құрбанына айналды – сәулеті өзгертіліп, дәстүрлі қытай үлгісіне сәйкестендірілген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bitter Winter дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Доудиан мешіті бес күмбезі қытай мәдениетіне тән мұнараға ауыстырылған. Екі мұнарасы сүрілген. Жергілікті тұрғындар таспаға тартып алған, коммунистік партияны мдақтаған, социалистік ұрандар жазылған плакаттар ілінген фото-суреттері шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатыр. «Қытай діндерінің қытайландыру бағытын ұстаныңыз» делінген ұрандардың бірінде. 1500 жамағатқа шақталған мешіт осыдан он жыл бұрын тұрғызылған мешіттің күмбезі де, арабша жазуы бар болатын.

Ұқсас материалдар:

«Қытайда тағы бір мұсылмандардың құлшылық үйінің күмбезі мен мұнарасы жойылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-tagy-bir-musylmandardyn-qulshylyq-uiinin-kumbezi-men-munarasy-joiyldy-18994/#gsc.tab=0);

«Қытай мешіттері Будда пұтханасына ұқсап барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-meshitteri-budda-puthanasyna-uqsap-barady-18894/#gsc.tab=0);

«Тағы бір мешіт «бірегейлендіру» саясатының құрбанына айналмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-meshit-biregeilendiru-sayasatynyn-qurbanyna-ainalmaq-17387/#gsc.tab=0);

«Мешітке ту ілуді міндеттейді» (https://islam.kz/kk/news/alem/meshitke-tu-iludi-mindetteidi-10235/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат