Bayraktar AKINCI нысанаға алу TEBER-83 жиынтығының атыс сынағын сәтті аяқтады (видео)
|

Түркияның қорғаныс саласының алыбы - Baykar компаниясы құрастырған Bayraktar AKINCI ұшқышсыз ұшу аппараты ROKETSAN компаниясының TEBER-83 бағыттау жиынтығының алғашқы атыс сынағын табысты аяқтады. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. X әлеуметтік желісінде TEBER-83 бағыттау жүйесімен жабдықалған Bayraktar AKINCI видеосы жарияланғған екен. Наурыз айында 100 мың ұшу сағатын сәтті аяқтаған Bayraktar AKINCI ұшқышсыз ұшу аппаратына отандық оқ-дәрілерді кіріктіру процесі табысты жалғасуда. Бүгінгі таңда Bayraktar AKINCI ұшқышсыз ұшу аппараты MAM-L, MAM-L TV, MAM-T, MAM-T IIR/TV, MAM-C, TOLUN, TOLUN IIR, TEBER-81, TEBER-82, LAÇIN 82 , LGK-81, LGK-82, HGK-82, Gökin ce guidance kit, Gözde бағыттау жиынтығы, UAV-230 дыбыстан жылдам ұшатын зымыран, телевизиялық және лазерлік іздегіші бар UAV-122 дыбыстан жылдам зымыранымен жабдықұталған, сондай-ақ, ÇAKIR қанатты зымыраны сәтті сынақтан өтті. Baykar 11 елмен келісімшартқа қол қойған Bayraktar AKINCI ұшқышсыз ұшу аппараты өз қызметін әлемнің түкпір-түкпірінде өз миссиясын сәтті орындап жүр.




