|
Бас раввин гойларға Израилден кетуді талап етті
|
Сефардалық бас раввин Ицхак Йосеф сенбілік уағызында иудаизмнің гойларға (еврей еместерге) Израилде тұруға тыйым салатыны турасында мәлімдеді. Оның бұл мәлімдемесі Израилдің 10-шы телеарнасының эфирінде жаңғырды. «newsru.co.il» ақпарат көзі хабарлағандай, оның айтуынша, Израилде тек Нұһ ұрпақтарының жеті өсиетін орындайтындар ғана тұруға қақылы. Тәуратта айтылғандардың ең кемінде осы жеті өсиетін орындау шарт. Атап айтқанда, пұтқа табынбау, құдайға қарсы келмеу, зина жасамауғ ұрламау, тірі жануардың етін жемеу, заңнан аттамау. Сондай-ақ, бас раввиннің айтуынша, осы айтылған жеті талапты орындамағандарды Сауд Арабиясына «жер аударуды» қвжет. Ал Израилде қалғысы келетін еврей еместер тек еврейлерге қызмет көрсетуі тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)