Барлаушылар басшысы тұтқындалды
Барлаушылар басшысы тұтқындалды
10 жыл бұрын 3234

Британиялық «Daily Telegraph» басылымының хабарлауынша,  Сирия президенті Башар Асад Ұлттық қауіпсіздік бюросының директоры, генерал Әли Мәмлүкті үй қамағына алу туралы пәрмен берді. Сириялық арнайы қызметтің жетекшісі «ел басшысын тағынан аудармақ болды» деген күдікпен қамауға алынды. Оған Башар Асад билігіне қарсы шетелдік мемлекет басшыларымен, соның ішінде Түркиямен астыртын келіссөз жүргізді деген айып тағылуы мүмкін. Сондай-ақ, ол эмиграцияда жүрген Башар Асадтың саясатына қарсы Рифат Асадпен «байланыс орнатқан» деген айып тағылуы мүмкін. Егер барлаушылар басшысының айыбы дәлелденсе, бұл өз кезегінде сарапшылардың айтуынша, Башар Асадтың төңірегінде жүргендердің арасында көңілі оған толмайтындардың қарасы тым көбейіп кететінін көрсетпек. Башар Асадтың төңірегіндегілер оның өз кадрларына қарағанда Иран кеңесшілеріне жиі құлақ асатынына да наразы. 

 

 

0 пікір
Мұрағат