Барлау қызметі де бақылануы мүмкін
Барлау қызметі де бақылануы мүмкін
4 жыл бұрын 1646 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Германияның BND федералды барлау қызметі бақылауға алынуы мүмкін. Аталған елдің барлау қызметінің тарихында тұңғыш рет осындай тәжірибе енгізілмекші. Дәлірегі, оны алты федералдық сот төрағасы мен прокурорлардан тұратын арнайы қадағалаушы кеңес бақылайтын болады. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап BND барлау қызметінің әлем бойынша ел конституция талаптарына сәйкес келуін қадағалайтын болады. Бұл жайында неміс тілінде хабар тарататын Sueddeutsche Zeitung ақпарат көзі мәлім етті. Аталмыш ақпарат көзінің қолында федералды канцлердің тиісті ведомствосы әзірлеген заң жобасы бар. Мұндай қадамға неліктен барып отыр деген сауалға келсек, осы жылдың мамыр айында Карлсруэдегі федералды конституциялық сот BND барлау қызметінің шетелдегі азаматтарға қатысты тың тыңдап келгенін мойындаған еді. Бұл Германия федеративті республикасының конституциясына қайшы келетін әрекет екендігі де әшкере болып отыр. Аталмыш органды қадағалайтын бақылаушы кеңес мейлінше құпия, құзыретті өкілеттілікпен жұмыс істейтін болады.

0 пікір
Мұрағат