Бақылау камерларын орнатудан көш бастаған үш ел
|
IT және телекоммуникация саласында жаңалықтар тарататын TelecomDaily ақпарат көзінің видео бақылау және видео талдау нарығын зерттей келе келтірген дерегіне қарағанда, әлемде үш ел видео бақылау камераларын орнату бойынша көш бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, бірінші орыннан Қытай көрінген – ел аумағында 200 млн камера жұмыс істеп тұр, одан кейінгі орынға АҚШ жайғасқан – 50 млн камера, ал үшінші орынға Ресей Федерациясы табан тіреген – 13,5 млн камера.
Камера қандай мақсаттарда орнатылады:
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұрлықтың алдын алу үшін коммерциялық ұйымдар мен қаржы мекемелері (банк, консалтингтік ұйым, т.б.);
- Қауіпсіздікті, тәртіпті қадағалау үшін мемлекет есебінен стратегиялық маңызы зор нысандарда, мектептер мен өзге де білім беру ошақтарында, жол бойында, емханаларда, т.б.
- Жеке тұлғалар өзінің меншігін, жылжымайтын мүлігін, т.б. қорғау үшін жеке секторларда орнатылады.
Әлемдегі видео бақылау нарығы IT саласының жылдам ұлғайып келе жатқан сегменті. 2019 жылы аталған сегмент нарығы 1,55 млрд пайда көрген, ал биылғы қорытынды бойынша бұл көрсеткіш 1,83 млрд долларға жетуі тиіс. Ал 2024 жылы аталған нарықтағы айналым 2,75 млрд долларды құрамақ. ІТ сарапшыларының есебінше.