БАҚ-та балгерлердің сәуегейлігі мен жұлдызнаманы жариялауға тыйым салу туралы ұсыныс айтылды
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы жетекшісінің орынбасары Борис Чернышов бұқаралық ақпарат құралдарында балгерлердің сәуегейлігі мен жұлдызнаманы жариялауға тыйым салу туралы ортаға ұсыныс тастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депутаттың мұндай бастама көтеруіне Мысырдағы тәжірибе түрткі болған. Дәлірегі, пирамидалар елінің ұлттық теле-радио хабар тарату ұйымы мемлекеттік телеарналар мен радиостансаларға жұлдызбен бал ашатын сәуегейлерді, балгерлерді және өзге де жаоған ғылымдардың «сарапшыларын» шақырып, бағдарлама қонағы етуге, яғни, эфирден сөйлетуге қатаң тыйым салған. Ресейлік депутаттың айтуынша, әдетте мұндай хабарлар көкрмендерді тарту, өз рейтингісін көтеру мақсатында ойын-сауық бағдарламалары ретінде алға шығатынын және осы арқылы миллиондаған көрерменнің алаяқтыққа төзімді болуға үйрететінін мәлімдеді. Адамдардың надандығын пайдаланып, табыс табатын алаяқтарға жем болуға мұндай бағдарламалардың қосып отырған үлесі зор екенін жеткізді. Өйткені, таяуда РФ аумағында арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде ел тұрғындарының 60 пайыздан астамы балгерлер қызметіне жүгінетінін жасырмаған еді. Егер ресейлік депутаттың ұсынысы қабылнса, РФ-ның бірқатар заңнамасына, соның ішінде БАҚ туралы заңына түзетулер мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.