Баласы жоқ отбасыларға салық салу туралы бастама көтерілді
Баласы жоқ отбасыларға салық салу туралы бастама көтерілді
12 ай бұрын 3245 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының бюджет және салық жөніндегі комитетінің мүшесі Евгения Федоров ұрпақ өрбіткісі келмеген отбасыларға салық салуды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бала тууды ана капиталы арқылы да ынталандыру қажет. Бұл жобаларға қаржы жетпесе, салықты енгізу керек», - деді ол. Яғни, ресейлік депутат ана капиталына қажетті қаражатттың бір бөлігін перзент сүюден саналы түрде бас тартқан отбасылар есебінен өндіріп алуды ұсынып отыр. Осы орайда мұндай процедураның Кеңес Одағы кезінде болғанын айта кетпекпіз. 1949 жылы баласы жоқ ауыл тұрғындары жылына 150 сом, бір баласы барлар 50 сом, екі балалы отбасылар 25 сом мөлшерінде салықты 1952 жылға дейін төледі. Мұндай салықтан денсаулығына байланысты бала көтере алмайтын адамдар босатылған.

0 пікір
Мұрағат