Балаларын жат ағымға тартқандар немесе тәрбиелегендер ата-ана құқығынан айырылады
Балаларын жат ағымға тартқандар немесе тәрбиелегендер ата-ана құқығынан айырылады
7 жыл бұрын 3357 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында балаларын ел аумағында заңмен қызметіне тыйым салынған жат ағымдарға тартқан немесе жат ағымға тән рәсімдер бойынша тәрбиелегендер ата-ана құқығынан айырылады. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат агенттігі РФ жоғарғы соты пленумының құжатына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, ата-аналық құқығын пайдаланып, балаларының мүддесіне нұқсан келтіріп, теріс ағым бойынша тәрбиелегендер ата-ана құқығынан айырылады. Бұл арада ата-ана құқығы қалай түсініледі? Яғни, теріс ағымның ықпалымен баланың білім алуына кедергі жасау, тіленшілікке итермелеу, ұрлық-қарлыққа үйрету, есірткілік заттарды қолдану, т.б. бойынша заң жүзінде шара қолданылады. Сондай-ақ, қандай да бір күмәнді ұйымдарға апару да ата-ана құқығынан айыруға апарып соқтырады. 

0 пікір
Мұрағат