Балалардың жеке мәліметі мен азаматтардың дербес өмірі туралы ақпаратты таратуға қатаң тыйым салынады
Балалардың жеке мәліметі мен азаматтардың дербес өмірі туралы ақпаратты таратуға қатаң тыйым салынады
5 жыл бұрын 2280 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ұйымдар мен жекелеген тұлғаларға кәмелет жасына толмағандардың жеке өміріне қауіп төндіретін немесе қол сұғатын кез келген ақпаратты жариялауға, таратуға қатаң тыйым салады. Бұл жайында қытайлардың Xinhua ақпарат агенттігі хабар таратты. Аталмыш ережені халыққа жеткізуді, оның орындалуына жауапкершілік интернет-провайдерлеріне жүктеліп отыр. Ата-аналар мен қамқоршыларға қарауындағы балаларға жеке мәліметтерін қорғаудың қажеттілігі мен маңыздылығын және әлеуметтік желіде уақыт өткізу тәртібін түсіндіру міндеттеледі. Бұл ереже 2019 жылдың қазан айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Бұдан бөлек, қытай билігі Қытай халық республикасының Азаматтық кодексінің жаңа редакциясында азаматтардың жеке өміріне және жеке мәліметтеріне қол сұғуды шектейтін шараларды қарастырды. Тиісті заң жобасы қытай парламентінің сесиясына ұсынылды. Бұл жайында Синьхуа ақпарат көзі хабарлады. Аталмыш заң жобасына сәйкес адамның жеке өміріне қатысты электронды адресті, тұрғылықты мекен-жайын, туған жылы мен күнін, аты-жөнін, төлқұжат деректерін, телефон нөмірін бөгде адамдарға беруге тыйым салады. 

0 пікір
Мұрағат