Балалар жәрдемақысының тек балаларға арналған тауарлардың сатып алынуы заңмен қадағаланады
Балалар жәрдемақысының тек балаларға арналған тауарлардың сатып алынуы заңмен қадағаланады
3 жыл бұрын 2685 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Қорған облысының дума депутаттары Мемлекеттік Думаға балалар жәрдемақысының басқа мақсатта жұмсалмауы талап етілетін заң жобасын енгізді. Аталмыш құжат мәтіні Думаның электронды деректер базасында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, бұл тараптағы өзгерту «Балалары бар азаматтарға мемлекеттік жәремақы беру туралы» заңға енгізілмек. Қорған облысының дума депутаттары балаларға арналған жәрдемақының, өкінішке қарай, кей жауапсыз ата-ананың әрекетінен ішімдік пен темекі өнімдеріне жұмсалып жататынын қынжыла жеткізді. Ата-ана шығынын бақылауда ұстау үшін балаларға арналған жәрдемақыны электронды шотқа аударылатын болады, бұл өз кезегінде ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын қадағалауға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат