Азық-түлікке талас-тартыстың соңы соғысқа ұласуы мүмкін
Азық-түлікке талас-тартыстың соңы соғысқа ұласуы мүмкін
5 ай бұрын 822 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Peter Jones / Reuters

Адамзат мұнайға қатысты қақтығыстардан гөрі  азық-түлік пен су  ресурстары үшін болған, болып жатқан соғыстың әлдеқайда сұрапыл әрі ауқымды болатынын болжап отыр. Сингапурдың Olam Agri  ауылшаруашылық сауда үйінің атқарушы директоры Санни Вергезе. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Геосаяси шиеленіс пен климат дағдарысы мемлекеттерді азық-түлік қорының азаюына байланысты қақтығысқа итермелейді. Бұдан бөлек, әр елдің билігінің өз елдерінің азық-түлік қорын қорғау үшін қоятын сауда кедергілері де осындай соғысқа қосымша себеп болмақ. Нәтижесінде инфляция күшейеді. Мұндай факторлар өз кезегінде азық-түлік пен су ресурстары үшін соғыс қатерін арттарады. Сингапурлық сарапшы «ауылшаруашылық тауар трейдерлері азық-түлік бағасын қолдан өсіріп, рекордтық пайда көруде» деген айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұның барлығы үкіметтердің тарифсіз сауда кедергілерін тудырып, жөнсіз араласуының себебінен болып отыр. Осыған байланысты сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, яғни, алшақтығы туындайды. Бай елдер стратегиялық тауарларды артығымен жинап, сұраныстың өсуіне, демек, бағаның өсуіне себеп болып отыр. Мұндай қате протекционистік саясаттардың бір мысалы ретінде 2022 жылы пальма майын экспорттауға тыйым салған Индонезия билігінің, сондай-ақ, күріштің кейбір түрлерін экспорттауды шектеген Үндістан билігінің солақай саясатын келтіруге болады.

0 пікір
Мұрағат