Азия мен Африка арасын теңіз көпірі жалғастыратын болды
Азия мен Африка арасын теңіз көпірі жалғастыратын болды
4 жыл бұрын 5853 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда Азия мен Африка арасындағы шекара ретінде 1869 жылы салынған әлемге әйгілі Суэц каналы аталып жүр. Осылайша Мысырдың бір бөлігі Африка құрлығында болса, екінші бөлігі Азияда (Синай түбегі). 2001 жылы Мысырдың солтүстік-шығысында, яғни, Суэц каналаның солтүстіктегі бітетін жерінде, Жерорта теңізінде орын тепкен Бур-Саид (араб. بورسعيد‎,) қаласынан пирамидалар елінің солтүстік-шығысындағы Исмаили́я (араб. الإسماعيلية‎) қаласына ұзындығы 4 шақырымға жететін автокөлік көпірі салынған болатын. Сол жылы ұзындығы 340 метрді құрайтын, алайда, әлемдегі ең ұзын бұрылатын теміржол көпірі де салынған еді. Ал 2016 жылы Бур-Саидтен Бур-Фуадқа дейін 421 метрлік көпір ашылды. 1980 жылы Суэц каналы астынан тоннел төселді. 2019 жылы оның орнына жаңасы төселді. Мұның бәрін неге тәпіштеп айтып отырмыз? Бұл айтылған инфрақұрылымдық құрылғылардың барлығы формалды түрде Африка мен Азияны жалғастыратын дәнекер саналып келген еді. Десе де олардың барлығы тек бір бір мемлекет ішінде ғана қолға алынған обалар болатын. Екі құрлық, соның ішінде ел арасында дәнекер болатын ауқымды жоба бірнеше рет бастама ретінде көтерілген еді. 2008 жылы Жибути мен Йемен арасында, Қызыл теңіз арқылы көпір салу бастамасы да көтерілген еді. Алайда, бұл жоба тым қымбатқа түсетін болғандықтан (20 млрд доллар) уақыт өте келе одан бас тартуға тура келді. 2011 жылы Мысыр мен Саудия билігі Ақаба шығанағында ұзындығы 30 шақырымды құрайтын көпір салу турасында келіссөз жүргізді. Аталмыш жоба Африкадан Азияға 20 минуттың ішінде жетуге мүмкіндік береді. Негізі бұл бастама өткен ғасырдың 80-ші жылдары көтерілген еді – сол кездегі Мысырдың билік тізгінін ұстаған Хосни Мүбарак бұл жобаға қырын қараған Израил мен Иорданияның қас-қабағын бағып, белгісіз мерзімге ысырған болатын. Тек 2011 жылы Саудия монархы Салман бин Әбдіәзіздің мысырға жасаған сапарында екі тараптан да қолдау тапты. Елді елге жалғайтын, жақындастыратын мұндай инфрақұрылымдық жобалардың стратегиялық экономикалық, т.б. маңызы зор болғандықтан Саудия билігі 5 млрд долларды бөлетін болып шешті. Саудия бұл жобаны тарихи қадам ретінде бағалады. 2017 жылы екі ел жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, 2020 жылы аталмыш жобаның құрылысын бастауға уағдаласты. Мысырдың көлік министрлігі аталмыш жоба бойынша Шармал әл-Шейх пен Табук қалаларының арасында автокөлік және теміржол көпірлері Тиран аралы арқылы төселетінін хабарлады. Бұл жобаны аяқтауға 8 жыл кетпек.

Эль Фердан — самый длинный в мире поворотный железнодорожный мост

әл-Фердан - әлемдегі бұрылатын ең ұзын теміржол көпірі 

© OpenStreetMap / CC BY-SA 2.0 (Место предполагаемого строительства моста между Джибути и Йеменом)

Жибути мен Йеменнің арасын жалғауы тиіс көпір салынатын жер 

0 пікір
Мұрағат