Азғындыққа қарсы мұсылмандарға христиандар да қосылды (видео)
Азғындыққа қарсы мұсылмандарға христиандар да қосылды (видео)
1 жыл бұрын 1944 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Батыс елдеріндегі мұсылмандардың екі негізгі проблемасы бар: исламофобия және ЛГБТ. Мұсылмандар батыс елдерінде азшылықты құрағанымен ЛГБТ қауымдастығы да азшылық өкілдері болып саналады. Алайда, ЛГБТ өз идеологиясын тықпалап, қоғамға таңуға күш салып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Southern News Service ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Канадада шілде айы ЛГБТ қауымдастығының «Мақтаныш айы» деп белгіленген болатын – азғындықты кәмелет жасына толмағандар арасында, дәлірегі, мектеп қабырғасында кеңінен насихаттау үшін. ЛГБТ қауымдастығын қолдау мақсатында аталған ел аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелер, соның ішінде мектеп ғимараттарына түрлі түсті тулар ілініп, арсыздыққа бастайтын науқан басталып кеткен еді. Жергілікті мұсылмандар бұл науқанға наразылық білдіріп көшеге шықты. Мұсылмандардың шеруіне христиандар мен өзге де наным-сенім өкілдері қосылуда. Алберт қаласының тұрғындары балалар мектепке білім алу үшін баратынын, білім беру ошағында өзінің төсек қатынасының қамы үшін бармайтынын атап өтті және балаларға жат әдетті насихаттамай, жайына қалдыруды талап етті. Канадада халық саны 39 млннан асады, ал мұсылмандар қарасы жарты миллионнан асады.

0 пікір
Мұрағат