Азан шақырылғанда «Фейсбук» те қосыла айтылатын болды
|
Мысыр мешіттерінің бірінде имам ендігі жерде азан шақырғанда «Фейсбук» терминін де қолданатын болады. Шейхтың сөзіне қарағанда, «Фейсбук» әлеуметтік желісі мұсылмандар арасында кеңінен пайдаланылады. Осыған байланысты бұдан былай «ассаляту хайрум-мин-анаум» (намаз ұйқыдан қайырлы) орнына «ассаляту хайрум-мин-фейсбук» (яғни, намаз «Фейсбук»-тан жақсы) деген тіркес айтылады. Бұл жайында IslamNews ақпарат агенттігі «әл-Арабия» телекомпаниясына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Ислам ғалымдарының айтуынша, сүнниттік мәзһабтар тұрғысынан мұндай тіркес шариғат талаптарына қайшы келмейді-мыс. Ол ол ма, Мажди Ашур есімді мүфти кеңесшісі «намаз ұйқыдан қайырлы» деген тіркесті кезінде азан мәтініне мысырлық ғұламалар енгізгенін-мыс. Оның осы заманғы түрін енгізудің ешқандай сөкеттігі жоғын да алға тартты. Осындай уәж келтірсе де Мысырдың уақыптар министрлігі оны бұл жаңалығы үшін имамдық қызметінен шеттетті.
Бұл жерде екі бассыздыққа жол беріліп отыр:
Біріншісі, азаншының олай айтуы - қасиетті азанға деген құрметсіздігінен және оны жеңілге алуынан туындап отыр.
Екіншісі, "Ислам ғұламалары" дей келе Ислам ғалымдарын мазақ қылмақшы. Бұл - Ислам ғалымдарын келекеге айналдырғысы келген әлдебіреулердің жаласы деп ойлаймын. Өйткені, ешқандай Ислам ғалымы бұны мақұлдамасы анық.
Шариғатта азанның қасиеті ұшан қиян. Әрібірденсоң, мұсылмандардың жеріндегі бір өңірде азан айтылмаса, сол өңірге соғыш ашылады делінген. Ойлап қараңызшы "Азан" айтылмаған жерге соғыш ашылады өкімет тарапынан. Бұл дегеніңіз азан үшін жан пида деген сөз. Енді, келіп, қайсыбір надан, сол қасиетті нәрсені келеке мазаққа айналдырып, аяққа таптап отыр.
Сіздерді қайдам, өз басым бұған қатты ренжідім.