|
Азан шақырған бала көпшілікті ғаламтор арқылы таңқалдырды (ВИДЕО)
|
Эр-Рияд (Сауд Арабиясы астанасы) қаласындағы мешіттердің бірінде таң намазына азан шақырған кішкентай бала ойламаған жерден танымал болып шыға келді.
Фейсал әл-Шааван есімді балақайдың орындауындағы әсем азанды мешітке келушілердің бірі қалта телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бар-жоғы бір сағаттың ішінде аталмыш видеоны миллиондаған жан көрген.
Осылайша, ойламаған жерден әлеуметтік желіде танымал болып үлгерген Фейсалдың өзі бұндай боларын , тіпті, күтпеген едім дейді. Кейіннен белгілі болғандай, Фейсал созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруымен ауыратын көрінеді. Видео арқылы ол өзін тыңдаған жамағаттан дұға тілеуін өтінген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)