Аз жылдан соң жаңғыртпалы энергия көздері электр энергиясына деген сұраныстың жартысын қамтамасыз етеді
Аз жылдан соң жаңғыртпалы энергия көздері электр энергиясына деген сұраныстың жартысын қамтамасыз етеді
2 ай бұрын 521 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылардың болжамы бойынша 2030 жылға таман күллі әлемдегі жаңартылатын энергия қуаты ең ірі экономикалардың жалпы энергетикалық әлеуетіне теңесіп, дүниежүзіндегі электр энергиясына деген сұраныстың жартысына жуығын қанағаттандыра алатын деңгейге жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajans ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық энергетика агенттігінің (ІЕА) дерегінше, жаңғыртпалы энергия секторы 2024 және 2030 жылдар аралығында 5500 гигаватттан астам жаңа қуат қосуы мүмкін. Бұл өсім 2017-2023 жылдар аралығындағы 3 есеге жуық өсімге сәйкес келеді. Тек күн және жел энергиясы 2030 жылға қарай жаһандық электр қуатын өндірудегі үлесін 30 пайызға дейін арттырады, ал барлық жаңартылатын энергия көздері әлемдік электр энергиясына сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Қазіргі нарықтағы тенденциялар мен Қытай билігінің бұл салада жүргізіп отырған саясатына сүйене отырып, аталған мемлекетте қазірден бастап 2030 жылға дейін бүкіл әлемде орнатылған жаңартылатын қуат көздерінің шамамен 60 пайызына жететінін болжауға болады. Жаңғыртпалы энергия көзінің дамуына ең алдымен климат дағдарысын еңсеру міндеті мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты ықпал етуде. Дегенмен, ең басты себеп – жаңғыртпалы энергия көздерінің электр стансалары құрлысының (инфрақұрылымы) арзанға түсетіні болып отыр. Осы орайда өткен жылы еліміздегі жаңғыртпалы энергия көздерінен алынатын энергия жалпы өндірілетін энергияның он бес пайызына жеткенін айта кетпекпіз. 

0 пікір
Мұрағат