Аз балалы отбасыларға салық салынуы мүмкін
|
Ресей Федерациясының демография, көші-қон және аймақтық даму институтының директоры Юрий Крупнов ел президенті Владимир Путинге "Көп балалы отбасылардың мәртебесі туралы" федералды заң концепсиясының жобасын жөнелтті. Аталған заң жобасында аз балалы отбасыларға салық салу қарастырылған. Сондай-ақ, мемлекет басшысына жөнелтілген заң жобасында көп балалы отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж екендігі баса айтылған. Қазіргі уақытта РФ аумағында көп балалы отбасылардың саны пайызға шаққанда шамамен 6,5%-ды құрайды екен, олардың отбасында бүкіл елдегі балалардың шамамен 20%-ы тәрбиеленуде. Аталмыш заң жобасының тағы бір ерекшелігі мынада: баланы тәрбиелеуге кеткен жылдар еңбек стажымен теңестірілуі мүмкін, сонымен бірге, тегін жер телімін беру қарастырылған. Ішінара алғанда, көп балалы отбасыларын үш жікке бөліп қарастыру ұсынылды: мемлекет қамқорлығындағы, бақуатты (ішінара мемлекеттен көмек алатын) және ауқатты. Бұлай жіктеу өз кезегінде оларға мемлекет тарапынан түрлі көмек беруіне көмектеседі.