Аяғы ауыр әйел перзентханаға қалай жетті?
Аяғы ауыр әйел перзентханаға қалай жетті?
10 жыл бұрын 4171

Үндістанда аяғы ауыр әйел перзентханаға жету үшін басын қатерге тігіп, арнасынан асқан өзеннен жүзіп өтуіне тура келген. Тәжірибелі балықшылардың өзі тәуекел ете бермейтін ағыны қатты өзеннен өту үшін асқабақ бақырашын пайдаланған. Бұл жайында  NEWSru.com ақпарат көзі хабар таратты.

Біз сөз етіп отырған әйел Кришна өзеніндегі аралда тұрады. 22 жастағы Еллава Карнатака штатындағы перзентханаға жету үшін жарты шақырымдай қашықтықта жүзіп өткен. Әйелдің қасында әкесі, бауыры және немере ағасы болған. Дәрігерлер құрсағындағы ұрпағы үшін басын қатерге тіккен әйелдің екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлігіне сүйсініп, тегін босандыруға келісімдерін берген көрінеді. Оның үстіне, тұрмысы төмен әйелдің төлей қоятын ақшасы да жоқ болатын. Салмағы төрт келідей болатын шарананы құрсағын тіліп алған екен. 

0 пікір
Мұрағат