Ауыздарын тігетіндей қадамға не итермеледі?
|
Францияның Кале қаласындағы мигранттар ел билігінің босқындар лагерін сүріп тастамақ болған әрекетіне наразылық білдіріп, ауыздарын тігіп тастады. Наразылық шарасы лагер аумағында орын алды. Наразылық білдіруші ирандық мигранттар қолдарына «Енді бізге құлақ асатын шығарсыңдар?», «Сендердің демократияларың қайда? Бостандықтарың қайда?» жазуы бар плакаттар ұстап алған. Басқа амалы қалмаған мигранттар осылайша өз құқықтарын қорғауға көшті. «Франция үкіметі «контейнерлерге барып тұрыңдар» дейді. Контейнерлерде тұру мүмкін емес. Мен осында қалғым келеді. Десе де бұл жерде бостандық жоқ, кірсең де, шықсаң да саусағыңның ізін алады. Бұл лагер – түрме»,- деді Ирактан келген босқын Сәруар. Франция билігі райынан қайтар емес. Қазіргі уақытта аталған лагерді полиция күзетуде.