Ауызашарда аш қалу акциясы биыл да жалғасын тапты
Ауызашарда аш қалу акциясы биыл да жалғасын тапты
7 жыл бұрын 7207 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің әр түкпіріндегі ораза ұстаған әрбір мұсылман қасиетті Рамазан айында ауызашарға асығып, асқа қол созатын сәтте Мәскеу қаласындағы мұсылмандардің бір тобы аш қалды. Саналы түрде. Израил басқыншылығынан жаншылған палестиналықтардың, сириялық босқындардың, өзге де саяси қуғын-сүргінге ұшырап, діни кемсітушілікке тап болған діндес бауырларының басындағы қайғысын осылай бөлісті. Нақтырақ айтқанда, «Собрание» деп аталатын мәдени-ағартушылық қоғамдық бірлестік қауымдастығының кеңсесінде аталмыш акцияға қатысқандар ауызашар кезінде тек су мен құрманы ғана қанағат тұтты. Бұл шараға саяси және қоғам қайраткерлері, тілшілер, жастар атсалысты. Айта кетейік, бұл шара осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан акция. естеріңізде болса, өткен жылы Рамазан айында олардың бұл шарасы туралы өздеріңізге хабарлаған болатынбыз. Мәскеуде бастау алған шара Ресейдің өзге өңірлерінде жалғасын тауып келеді. Аталмыш акцияға қатысқан Орхан Жемал есімді тілші оның басты шартын да айтып берді: сәресіне дейін ештеңе ішіп-жемейді. Ал Надежда Кеворкова есімді тілші де бұл шараның "табылған ақыл" екенін жеткізді. Ауызашардың соңында олар Алладан мұсылмандардың басындағы қиындықты жеңілдетуін сұрап, оларға төзім тілейді. 

0 пікір
Мұрағат