Ауруды аспен емдеу: гипертониямен күресуге арналған қызанақ (гені редакцияланған, ГМО емес) саудаға шығарылды
Ауруды аспен емдеу: гипертониямен күресуге арналған қызанақ (гені редакцияланған, ГМО емес) саудаға шығарылды
3 жыл бұрын 2306 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияда гені редакцияланған қызанақ саудаға шығарылды. Оның ерекшелігі сонда – онда ГАМҚ (гамма-аминді май қышқылы) бес есе көп. Ол қан қысымын төмендетіп, үрек қағысын баяулатады (ретке келтіреді) Осылайша аталған қызанақ гипертониядан зардап шегетін науқастарға көп көмегін тигізетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы The Japan News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қызанақтың бұл сорты Sicilian Rouge High GABA деп аталады. Оны күншығыс елінің Кумамото префектурасы аумағындағы жылыжайда өсіріледі. Аталмыш қызанақтың ГМО-жеміс пен көкөністен айырмашылығы сонда – оның ДНК-да жасанды ген жоқ. CRISPR/Cas технологиясының көмегімен гені редакцияланған. Sanatech Seeds компаниясы 2020 жылдың соңында ел билігінен оны саудалауға рұқсат сұраған болатын. Төменде оқырмандарымызға ГМО туралы аз-кем қосымша ақпарат бере кете бергенді жөн көрдік:

malimetter.kz дерек көзінен: 

ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕР (ГМО) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін  қосу нәтижесінде  біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе,  күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған  солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді ,үсімейді. Бұл бізге  не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі  колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге,  бір пішінді  бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді  қосуға болады. Сонымен,  ғалымдар  дақылдардың  өнімділігін арттыру үшін  олар зиянкестерге төзімді болу үшін  аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.

Ең кең таралған  гендік модификацияланған дақылдарға — соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.

ГМО-қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп , адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша  ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады [1].

Қазіргі кезде  гендерді орналастырудың кең таралған  түрі бар. Біріншісі-биобаллистикалық пушка. Онда  алтынның микробөліктерін немесе гендер жағылған  гендермен жасушаны атады. Мұндай жағдайда қанша жаңа гендер орын ауыстырғанын білу мүмкін, білу мүмкін емес. Екіншісі - ең кең таралған  және өте қауіптісі плазмид арқылы. Генді енгізу. Онда ісік түзуші бактериялар қолданылады. Неміс ғалымдары ГМ азықтан плазмидалардың тұқым қуалайтынын анықтаған.

«Трансгенді азықтарды» қолдану адам үшін өте қауіпті екенін ресей ғалымдарының еңбектерінен көруге болады. (Монастырский,Кузнецов,Куликов) және World Scientists Statement [2].

ГМО-иммунитетттің  төқмендеуі,аллергиялық  реакциялардың  өліммен аяқталуы,ісік аурулары.

Кейбір ғалымдар трансгенизацияны «жеделдетілген»  селекция  деп қарастырады. Бірақ, біз білеміз селекция көмегімен  туыс ағзалардың  гибридін  алуға болады,яғни  картоптың  бірнеше сортын  шағылыстыру, картопты алмамен немесе помидорды  балықпен шағылыстыру  емес.

Табиғатта  әр түрге жататын ағзалар арасында шағылысу жүрмейді.Егер жүре қалған өзінде ұрпақ бермейді.Мысалы:есекпен атты, арыстан мен жолбарысты шағылыстыру.

ГМО қолданған ағзаларда да өзгерістер болатыны анықталған, тіпті,  адам сілекейімен  ішек  микрарларасынан да. Тышқандарға жүргізілген экспиременттерде ГМ  құрам  олардың ұрпақтарынан  да табылған. Сонымен ғалымдар, ГМО тек қана өнімде емес,сонымен қатар оны қолданғандарда ,олардың ұрпақтарында кездесетінін  анықтады.

Құрамында ГМО  бар азықтар өндірушілерін өте көп табыс әкеледі. ГМО  және трансгенді азықтарының қауіпсіздігін тексеру, негізінен өндіруші  есебінен жүреді. Сондықтан, ол обънкивті  болып саналмайды, мүмкін, сол себептен кейбір ғалымдардың  ГМО  қауіпті  деп ескеруін  естігілері келмейді.

ГМО азықтарын пайдаланудың зияны [3].

- өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы. Мысалы:АҚШ адамдар ГМО өнімдерін еркін қолданады.Аллергиямен ауыратындар саны 70%  құрады.Ал, Швецияда 7%,бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынған.

- Трансгенді өнімдерді пайдалану  асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады. Зат алмасудың бұзылып , иммунитететің  төмендеуіне әкеледі.

- Ісік ауруларының  көбейуіне  себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады [4].

Гендік модификацияланған азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, негізгі сұрақ- осы азық-түліктердің адам ағзасына әсері болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски // Человек, 2002, № 5, с. 158–164.

2. Поморцев А. Мутации и мутанты // Faкел, 2003, № 1, с. 12-15

3. Чечилова С. Трансгенная пища. // Здоровье, 2000, № 6, с. 20–23.

4. Поморцев А. Мутации и мутанты // Faкел, 2003, № 1, с. 12-15

Қостанай қаласы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Агро-биологиялық факультетінің, биология және химия кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова Кунсулу Кабиденқызы,  Динара Қайратқызы 

0 пікір
Мұрағат