Ауғанстанның мегақұрылыс жобасы Орта Азияны тіршілік көзінсіз қалдыруы мүмкін (фото+видео)
Ауғанстанның мегақұрылыс жобасы Орта Азияны тіршілік көзінсіз қалдыруы мүмкін (фото+видео)
2 жыл бұрын 10089 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2022 жылдың наурыз айында Ауғанстанның солтүстігінде Күш-теп иррригациялық тоған құрылысын бастаған болатын. Содан бері арада бір жыл мерзім өтті. Ауғанстан бұл тарапта өз ұстанымынан қайтпайтынын білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылыс жұмыстары алты жылға шақталған, 60 млрд ауған ақшасы (666,8 млн доллар) жұмсалатын, 280 шақырымға созылатын тоған жүйесі 50 мың гектар аумақты суғаруға жетеді.  Алайда, ауғандар Балқы провинциясынан бастау алатын оның суын 600 мың гектар жерді суғаруға жететіндей етіп жобалауда. Ал су шаруашылығын үйлестіру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның (МККК) мәліметі бойынша Әмудария бассейніндегі суармалы жерлердің орташа көлемі 3,8-4 млн га құрайды. Күш-теп - Ауғанстандағы жалғыз су жобасы емес. Сонымен қатар, Дешті-Жун су электр кешенін салу да жоспарлануда. Ол 2030 жылға қарай Тәжікстанмен шекаралас Пянж өзенінде бой көтеруі тиіс. Ауғанстанның бұл әрекеті Әмудариядан қып-қызыл пайда көріп отырған өзбектердің түн ұйқысын қашыруда. Өзбекстан республикасының президенті өткен жылы ресми Кабулмен келісімге келмек болған әрекетінен түк шықпады. Тіпті, әлем қауымдастығын да аймақтағы елдердің мүддесін ескеруі тиіс деген талап қойған болатын. Егер ауғандар бұл жобаны аяқтаса Әмударияның суы 12-13%-ға ортайып, онсыз да қуаңшылық жайлаған Орта Азия экологиясына айтарлықтай залал келтірмек. Бұдан бөлек, ең алдымен Өзбекстанның ауыл шаруашылығы зардап шегеді. 2022 жылы Әмудария бассейніндегі су деңгейі 65-85%-ға дейін өмендеп кеткен еді.

0 пікір
Мұрағат