Ауғанстанның этникалық картасы немесе ұлттық құрамы
Ауғанстанның этникалық картасы немесе ұлттық құрамы
3 жыл бұрын 7460 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

2018 жылы ауған ұлттық статистикалық қызметінің келтірген дерегі бойынша Ауғанстан халқының саны 31,58 млн адамды құраған екен.  Оның ішінде 1,5 млн-ы көшпелі тұрғындар, 30,08 млн-ы – отырықшы (ауылдық жердегісі - 22,57 млн, қалада тұратындары - 34,94 млн адам). Бұл жайында islam.kz порталы  centralasia.media  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауған аумағында мына ұлт өкілдері өмір сүреді: пуштундар ауған халқының қақ жартысын, яғни, 50%-ын құрайды, яғни, олардың қарасы ауған халқының бестен екісінен көбісін құрап отыр. Хазарлар – ел тұрғындарының санына шаққанда 10%-ды құрайды, яғни, пуштундардан кейінгі саны көп этникалық топ, ауған халқының бестен бірінен көп бөлігін құрап отыр. Хазарлардың тегі - мұңғұл. Аймақтар немесе шараймактар – саны жағынан төртінші немесе бесінші орында тұрған этникалық топ, яғни, халық санына шаққанда олардың үлесі – шамамен 5 %; иран тілді этникалық топ, жартылай көшпенді халық, Ауған аумағының солтүстік-батысын мекен етеді. Тәжіктер қарасы - 23%; саны жағынан екінші орында тұрған этникалық топ, олардың үлесі ауған тұрғындарының төрттен бірінен асады. Нұрыстандықтар - 0,4 %; кати, ашкун, уайғалы, прасун және трега тілдерінде сөйлесетін туыстық тайпа. Брагулер - 0,5%; драуиттік топқа жатады. Түркімендер - 1,7%; ауған халқының саны жағынан алтыншы орында тұрған түркі тілді этникалық топ. Негізінен Балқы, Саманған, Бағлан, Құндыз провинцияларында тұрады. Бұлардан бөлек, Кабул мен Гилменд провинцияларында да кездеседі. Өзбектер - 9%; саны жағынан төртінші немесе бесінші этникалық топ, алайда, осы елдегі аса ірі түркі тілде халық. Қырғыздар - 0, 0001%; шамамен 4 мың адамды құрайды, Бадаһшан провинциясындағы таулы өлкеде тұрады. 2003 жылы ауғанстандағы қырғыздар қарасы 1130 адамды құраған, олар бұрынғыша көшпелі өмір салтын ұстанады.

2

3

0 пікір
Мұрағат