|
Ауғанстанда 700 бала аштықтан көз жұмды
|
Ауғанстанның Нангархар провинциясында кейінгі жартыжылда 700 бала аштан өлген, деп хабарлады 24.kz.
Бұл туралы тәліптердің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлады.
Олардың хабарлауынша, қазір аймақтағы ауруханаларды дүниежүзілік банк пен ЮНИСЕФ ұйымы ғана қаржыландырып отыр. Егер бұл екі құрылым мекемеге қаржы аударуды тоқтатса, бала өлімі бұдан да артуы мүмкін.
Тәліптер билік басына келгеннен кейін шетелдік ұйымдар Ауғанстандағы емдеу орындарын қаржыландыруды тоқтатқан.
«Бұл аймақтағы денсаулық сақтау саласының құлдырауына, бала өлімінің көбеюіне әкеп соқты дейді», - сарапшылар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Түсік жасатқысы келетін әйелге алдымен наным-сеніміне қарай дін қызметкерімен сөйлесуді міндеттейтін ережесі бар емханалар қай елде