Ауғанстан есірткі еліне айналды
|
Жыл сайын Ауғанстан аумағында есірткіге тәуелді болып қалғандардан 40 мыңнан аса адам арнайы ем қабылдайды. Олардың қатары қалыңдап, қарасы артып келеді. Бұл жайында аталған елдің ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, Ауғанстандағы есірткімен күрес жөніндегі министрліктің және Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі мен қылмыс жөніндегі басқарма өкілдер бас қосатын үйлестіру жиынында айтылды. Қазіргі уақытта Ауғанстан жерінде есірткіге тәуелді болып қалғандарды емдейтін 107 орталық бар екен. Соғыстан және жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтан сансыраған елдің есін енді есірткі алуда. Ең өкініштісі, ер-азаматтардан бөлек, есірткіге тәуелді әйелдер мен балалар саны көбейіп келеді. Тұтас бір ұлттың түбіне жетуі мүмкін бұл жат әлеуметтік құбылыс 3 млн адамның бойынан байқалған. Бір қызығы, сарапшылардың айтуынша, елдегі есірткіге тәуелділер қарасы тәліптер қозғалысының биліктен тайдырылуынан кейін артып кеткен.