Экономикалық реформаны шетелдіктерді шектеуден бастаған ел
Экономикалық реформаны шетелдіктерді шектеуден бастаған ел
5 жыл бұрын 2626 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Мәдина қаласында шетелдіктерге 41 мамандық бойынша нәпақасын айыруға тыйым салды. Saudi Gazette мерзімді басылымы таратқан хабарға қарағанда, аталған ел аумағында жұмыс істеп жүрген шетелдіктер бұдан былай туризм, сауда-саттық, т.б. салаларында еңбек ете алмайды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап қасиетті шаһардың үкіметтік емес ұйымдарында тек саудиялықтар ғана жұмыс істеуі тиіс. Жаңа ережеге сәйкес. Естеріңізге сала кетсек, Саудия билігі осыдан біршама уақыт бұрын ел экономикасының бірқатар тармағын ұлттық салаға айналдыру турасында жаһанға жария еткен болатын. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап, электроника, оптика, т.б. заттары мен бұйымдарын сататын дүкендердегі жұмыс орындарының кем дегенде 70%-ын саудиялықтар иеленуі тиіс. Қазіргі уақытта Саудиядағы жұмыссыздық дюеңгейі ресми мәлімет бойынша 12,9%-ды құрап отыр. Ал әлемге әйгілі Bloomberg ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, 2018 жылдың алғашқы үй айында аталған елден нәпаөқасын айырып жүрген шетелдіктер қарасы 6%-ға, яғни, 10,2 млн адамға кеміген. Бұған Саудия билігінің шетелдіктерден өндіріп алатын салық мөлшерінің артуы себеп болған. Дәлірегі, Саудия аумағында жүұмыс істеп жүрген шетелдіктерден өндіріліп алатын салық мөлшері айына 100 риал болса, биыл, яғни, шілде айында бұл көрсеткіш 400 риалға бір-ақ шарықтаған. 

0 пікір
Мұрағат