Ауған факторы: «мәңгі соғыстың» түп-төркіні неде жатқаны айтылды
Ауған факторы: «мәңгі соғыстың» түп-төркіні неде жатқаны айтылды
3 жыл бұрын 2797 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауған жеріндегі қарулы қақтығыстың ақыры көрінбейді. Бұл құбылыстың тaмыры тереңде жатқанын алға тартады ғалымдар. Дәлірегі, Женева қаласындағы гуманитарлық зерттеу орталығының антропология және социология профессоры Алессандро Монсуттидің айтуынша, Ауғанстандағы «мәңгі соғыстың» түп-төркіні түрлі фракциялардың ел ішіндені күштер тепе-теңдігін сақтауда жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антрополог әрі әлеуметтанушы ғалымның сөзіне қарағанда, бір отбасының өзінде ауызбіршілік бола бермейді, олардың діні де бөлек болуы мүмкін. Ауғанстандағы жағдай осыған ұқсайды. Бұл құбылыс өз кезегінде толық бейбітшіліктің орнауына кедергі келтіреді. Алайда, бұл арада жаппай әрі төтенше соғыстың ықтимал қатері болмайтынын да айта кеткен жөн. Профессордың айтуынша, соғыс өз кезегінде қоғамдық құрылымды түзетін фактор ретінде алға шығады. Осыны ескерген әрі өз халқының түрлі этникалық топтардан тұратынын жақсы белітен тәліптер радикалды қозғалысы (Ауғанстанның билік басына келген, Қазақстанда және әлемнің көптеген елінде қызметі мен насихатына тыйым салынған ұйым – ред.) ішкі соғыстың қайталануына жол бермеуі үшін тұрақты әскер жасақтауды қыркүйек айының 15-і күні мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат