Ауаны көмірқышқыл газынан тазартатын аса ірі зауыт ашылды (видео)
Ауаны көмірқышқыл газынан тазартатын аса ірі зауыт ашылды (видео)
3 жыл бұрын 4970 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Исландия аумағында атмосферадан көмірқышқыл газын аулайтын аса ірі зауыт ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы BBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, швейцариялық Climeworks стартап негізінде салынған зауыттың Орка деген екінші атауы бар: исланд тілінен аударғанда «энергия» мағынасына береді. Аталмыш зауыт жыл сайын ауадан 4 мың тонна көмірқышқыл газын аулайтын болады, бұл көрсеткіш 790 автокөліктің жыл бойы атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газының мөлшерін құрайды. Салыстыру үшін алсақ, өткен жылы атмосфераға әлем бойынша 31,5 млрд тонна көмірқышқыл газы бөлінген. Ал бұл кәсіпорын тек көмірмен жұмыс істейтін бір жылу электр стансасының жыл сайын атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газының 1%-ға кем «сіңіретін» болады. Десе де сарапшылар мұндай зауыттың ашылғанына иек артқан, арқаны кеңге салған өзге кәсіпорындар атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін арттырып жіберуі мүмкін екенін алға тартып отыр. Халықаралық энергетика агенттігінің келтірген дерегіне сенсек, қазіргі уақытта әлемнің әр түкпірінде атмосферадан ластаушы заттарды аулайтын мұндай 15 зауыт жұмыс істеп тұр. Олардың бір жылдық қуаты 9 мың тоннаны ғана құрайды, яғни, атмосферадан осынша мқлшерде ғана көмірқышқыл газын аулай алады. Аталмыш компанияның негізін қалағандардың бірі Кристоф Гебалдтың сөзіне қарағанда, Орка ауадан аулайтын CO2-нің әрбір молекуласы жерасты қоймасына айдалады, олар жаһандық жылынуға ешуақытта ықпал ете алмайды. Бұл зауыт ауаны айдайтын әрі одан көмірқышқыл газын арылтатын сүзгілермен, желдеткіштермен жабдықталған аса ірі контейнерлерден тұрады. Осыдан кейін CO2-ні сумен араластырып, тереңге айдайды. Уақыт өте келе атмосферадан ауланған газ қатты жынысқа айналады. Climeworks компаниясының негізін қалағандардың бірі Ян Вурцбахердің айтуынша, CO2-ні сақтайтын орын жетеді. Бір ғана Исландияда оның мыңдаған гигатоннасын (яғни, көмірқышқыл газының мыңдаған млрд тоннасын) сақтауға мүмкіндік бар. Сарапшылардың есебінше, жаһандық жылынудың ең нашар сценариіне ұрынбас үшін осы ғасырдың аяғына дейін атмосферадан 100 млрд тоннадан 1 трлн тоннаға дейін көмірқшқыл газын «аулау» керек.

0 пікір
Мұрағат